Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 03 сәуірдегі №197/НҚ бұйрығымен инновациялар саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі - СК) құрамы бекітілді.
2024 жылғы 11 сәуірде күн тәртібіне сәйкес салалық кеңестің төрағасы сайланды және СК жұмысының жоспарлары бекітілген бірінші отырыс өткізілді.
СК құрудың мақсаты инновациялар саласындағы кәсіби стандарттарды жаңарту не әзірлеу болып табылады.