Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік монополия субъектісі – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК (бұдан әрі – «МРҚ» РМК) тарифтерінің деңгейін бекіту шеңберінде Халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды мониторингілеу және радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету қызметі бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдаулар 2020 жылғы 23 қыркүйекте сағат 12:00-де онлайн режимде өткізіледі.
Осыған байланысты, «МРҚ» РМК жоғарыда көрсетілген қызметінің бағаларын талқылауға тұтынушыларды, монополияға қарсы органның өкілдерін және басқа да мүдделі тұлғаларды шақырамыз.
Жария тыңдауға қатысушының кандидатурасы туралы ұсыныстарды 2020 жылғы 18 қыркүйекке дейінгі мерзімде z.orysbaeva@mdai.gov.kz электрондық мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз.