«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамына қосуға арналған конкурстың басталуы туралы хабарлайды.
Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес – құрамына жобаларды коммерцияландыру саласында және инновациялық гранттар берудің басым салаларында тәжірибесі бар қоғамдық және салалық ұйымдардың өкілдері кіретін алқалы орган.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 5 және 25 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Барлық құжаттар мемлекеттік, орыс немесе өзге де тілдерде электрондық поштаға: o.sharipuly@qazinn.kz, тел. +7 (7172) 72 51 97 (207).
Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңестің қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты «QazInnovations» ИДҰА» АҚ ресми сайтынан мына сілтеме бойынша таба аласыз: https://qazinn.kz/ru/sovet-po-finansirovaniyu.
Кеңестің қызметі туралы «QazInnovations» ИДҰА» АҚ Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес туралы ережесінен таныса аласыз.