Инновациялар дамыту саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесті құру туралы хабарландыру

«Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде инновацияларды дамыту саласындағы кәсіптік біліктіліктерді дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында инновацияларды дамыту саласындағы уәкілетті орган инновацияларды дамыту саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес-консультативтік-кеңесші орган құруды жоспарлайды.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес салалық  кеңес құрамына мыналардан екі өкілден артық емес енгізіледі:

1) мемлекеттік органның;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

4) жұмыс берушілерден;

5) салалық кәсіптік одақтардан (бар болса);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінен (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардан (болған кезде);

7) тиісті салада білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

 

Салалық кеңестің құрамын қалыптастыру үшін инновацияларды дамыту саласында аттестатталатын жұмыс түрлерін жүзеге асыратын, салалық біліктіліктерді әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар мамандар шақырылады.

Салалық кеңеске енгізу үшін мүдделі тұлғалар:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033405);

2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес инновацияларды дамыту саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерінің біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжірибені растайтын құжаттар.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 11 наурызға дейін (қоса алғанда) n.akhmedin@mdai.gov.kz электрондық мекенжай арқылы жүзеге асырылады.

Егер қосымша сұрақтар туындаған жағдайда осы нөмір: 8 (7172) 64-94-51 бойынша кеңес ала аласыз.

Дата публикации
29 февраля 2024