ҚР ЦДИАӨМ Қоғамдық кеңесі туралы ереже

  1. Осы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
  2. Қоғамдық кеңестер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органы болып табылады.
  3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР ЦДИАӨМ Қоғамдық кеңесі туралы ереже
Дата публикации
17 сентября 2019