Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін 2024 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген тәртібінің шеңберінде
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағида) бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне электрондық нысанда:
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне 2024 жылғы 26 қаңтардан 8 ақпанға дейін (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін) электрондық нысанда электрондық мекенжайға ұсынады: moap@mdai.gov.kz (тел. анықтама үшін +7 (7172) 649-481, 649-107):
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi. Егер:
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;
2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;
3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;
4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды. Аккредиттеу туралы куәлiк үш жыл мерзімге берiледi.
Министрлігі қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.