Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанынан «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы кәсіптік біліктіліктерді дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында консультативтік-кеңесші орган – «Ғарыш қызметі саласында кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес» (бұдан әрі – салалық кеңес) құрылады.
Осыған байланысты Министрлік салалық кеңестің құрамына енгізу мақсатында құжаттардың қабылдауы туралы хабарлайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларына сәйкес салалық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының; кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органның; ғарыш қызметі саласындағы жұмыс берушілердің; салалық кәсіптік одақтардың (бар болса); жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) екіден аспайтын өкілдері енгізіледі. Олар болмаған кезде салалық ұйымдар (болған жағдайда); тиісті салада (салада) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екіден аспайтын өкілдері енгізіледі тиісті салада (салада).
Мүдделі тұлғаларды 2023 жылғы 25 қаңтарға дейінгі мерзімде төменде көрсетілген құжаттарды Министрліктің электрондық поштасына (d.tuleukatova@mdai.gov.kz) жіберу немесе салалық кеңеске енгізу үшін қолма-қол (Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Тұран даңғылы 89, «Ұлттық ғарыш орталығы» ғимараты) беру қажет:
1) 1-қосымшаға сәйкес жазбаша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті салада (салада) жұмыс тәжірибесін растайтын құжат.
Байланыс телефоны: +7 775 668 74 94 – Тулеукатова Диана.
Қосымша:
1) Өтініш нысаны;
2) Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже.