Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан Республикасы министрліктерінің цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкімінің 3-тармағын сапалы орындау мақсатында мемлекеттік органдардың CDTO KPI-не қол жеткізу бойынша есептік ақпаратқа талдау жүргізді.