«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арнайы құқық субъектілерінің – «Қазпошта» АҚ тарифтерінің деңгейін бекіту шеңберінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдаулар 2023 жылғы 14 қарашада сағат 12.00 онлайн режимде өткізіледі.
Осыған байланысты, «Қазпошта» АҚ көрсетілетің қызметтерінің бағаларын талқылауға тұтынушыларды, монополияға қарсы органның өкілдерін және басқа да мүдделі тұлғаларды шақырамыз.
Жария тыңдауға қатысушының кандидатурасы туралы ұсыныстарды 2023 жылғы 9 қарашада мерзіміне дейін d.zhanseitova@mdai.gov.kz, z.orysbaeva@mdai.gov.kz электрондық мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз».