Сынақтарды өткізу қағидалары

Ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік техникалық қызметтегі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу тәртібі

 

Сынақтарды жүргізу үшін өтініш беруші SYNAQ интернет-порталында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақтар жүргізуге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) толтырады, электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды және мынадай құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік техникалық қызметке береді:

1) SYNAQ интернет-порталында сынақ объектісі меншік иесінің (иеленушісінің) ЭЦҚ арқылы куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық;

2) шарттарға қол қоюға өкілеттік берілген тұлғаның атына сенімхаттың немесе заңды тұлғаның басшысын тағайындау туралы құжаттың электрондық көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

3) меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен ақпараттандыру объектісіне арналған техникалық тапсырма немесе техникалық ерекшелігінің электрондық көшірмесі;

4) сәтті компиляция үшін қажетті сынақ объектісінің компоненттері мен модульдерінің бастапқы кодтары кітапханалармен және файлдармен (қажет болған жағдайда);

5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сынақ объектісінің бекітілген ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелері (қажет болған кезде);

6) иеленушісі (меншік иесі) сынақтар жүргізуге өтінім беруге өтініш берушіге уәкілеттік беретін құжаттың электрондық көшірмесі (қажет болған кезде).

Сынақтар мерзімі өтініш берушімен келісіледі және сынақтар жүргізу бойынша жұмыстардың көлемі мен сынақ объектісінің сыныптау сипаттамаларына байланысты болады.

Сынақтар жүргізу үшін өтініш беруші мемлекеттік техникалық қызметке мыналарды қамтамасыз етеді:

  • жұмыс орнын, пайдаланушының жұмыс орнына, серверлік және желілік жабдыққа, фото және бейне тіркеуді жүргізе отырып, сынақ объектісінің телекоммуникация желісіне және сынақ объектісіне арналған құжаттамаға және ілеспе құжаттамаға, оның ішінде сынақ объектісін және сынақ объектісінің құрамына кіретін компоненттерді сүйемелдеуге және техникалық қолдап отыруға арналған шарттарға физикалық қолжетімділік;
  • сынақ объектісінің функцияларын техникалық құжаттама талаптарына сәйкес көрсету.

Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығынан таба аласыз. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 маусымда № 18795 болып тіркелді. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы.

 

Дата публикации
27 апреля 2023