Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 321 қаулысына толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 321 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:

«3.  «Астана Innovations» акционерлiк қоғамы.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       А. Смаилов

 

Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 321 қаулысына толықтыру енгізу
Дата публикации
11 апреля 2023