Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, «ЭКСПО» ғимаратының С 2.4 блогы (пошталық мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С 2.4 блогы, «ЭКСПО» ғимараты анықтама телефоны: 8-7172-649-158, e-mail: konkurs@mdai.gov.kz) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  • Конкурстың өтетін күні мен орны: 2023 жылғы 1 наурыз, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, «ЭКСПО» ғимаратының С 4 блогы.
  • Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы-Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Астана қ., Иманов к-сі, 13, 6 қабат, телефон: 8 (7172)576101.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекеттік монополияға жатқызылған байланыс аясында бәсекелес нарықта іске асырылуы ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйіне жағымсыз әсер етуі мүмкін жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру болып табылады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
  • мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Директордың функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы басшылық ету; Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету; берілген заңнамалық құқықтары шегінде Кәсіпорынның  қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешу, қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланысты жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Кәсіпорынның алған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынасын реттеу; жаңа техникалар мен технологияларды, еңбекті басқарудың прогресивті  формасы мен ұйымдастыруды ендіруге жағдай жасау; Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жұмысы мен заңдылықты сақтауын қадағалау; сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Кәсіпорын мүддесін қорғау.

4) Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: 2023 жылғы 14-28 ақпан.

5) Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады – 2023 жылғы 14 ақпан.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

 Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Дата публикации
13 февраля 2023