«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 15 адам. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін:
1)Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес (қоса беріледі) Министрліктің атына хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберілуі тиіс.
Конкурстың өткізілу мерзімі: 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін.
Байланыс мәліметтері:
Е-mail: a.dosumova@mdai.gov.kz.
64-94-76 нөміріне хабарласыңыз.