Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды. Мекен-жайы: Байқоңыр қаласы, Бейбітшілік көшесі, 13-а, тел. 8 (336-22) 7-16-47, факс 8 (336-22) 7-01-43.
«Байқоңыр» кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және одан шығарылған объектiлерiнiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету - кәсіпорынның қызметінің негізгі мәні мен мақсаттары болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кәсіби жоғары білім, кәсіпорынның экономика саласындағы қызметіне сәйкес келетін мамандығы бойынша басшы лауазымда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тірзілімінде № 9938 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;
5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс стажына, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруiне болады.
Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.
Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысушы үміткерлер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінде мына мекен-жайда: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел, 8, Министрлер үйі, 12 подъезд, тел. 8 (7172) 74-24-52 конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Азаматтық кодесті (Жалпы және Негізгі бөлімдер), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті, «Ғарыш қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының» заңдарын, осы кәсіпорынның іс-әрекеті қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне байланысты білімі тексеріледі. Конкурсқа қатысушылардың кәсіпорын басшысының лауазымды нұсқаулығы, мамандығы талабына байланысты кәсіби білімі бағаланады.