Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша қосымша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша қосымша конкурс жарияланады.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес (қоса беріледі) Министрліктің атына хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберу қажет.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

  1. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) 1-тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) 2-тармақта көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 2022 жылғы 23 сәуірге дейін.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабынына сәйкес құжаттарды қабылдауды көрсетілген уақыт аралығында электронды мекен жайға жолдау арқылы жүзеге асырылады: email: d.atymtaeva@mdai.gov.kz; moap@mdai.gov.kz

телефон: 8-708-375-41-47

Хабарландыру
Дата публикации
11 апреля 2022