2020 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 347-VI Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол біздің елімізде криптоиндустрияны заңнамалық реттеудің негізін қалауға мүмкіндік берді. Осылайша, цифрлық майнинг заңды кәсіпкерлік қызмет ретінде танылды, цифрлық активтер мен блокчейн ұғымдары анықталды.