Қазақстанда майнинг индустриясы бойынша

2020 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 347-VI Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол біздің елімізде криптоиндустрияны заңнамалық реттеудің негізін қалауға мүмкіндік берді. Осылайша, цифрлық майнинг заңды кәсіпкерлік қызмет ретінде танылды, цифрлық активтер мен блокчейн ұғымдары анықталды.

Сонымен қатар, Министрлікпен «Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық)  негізінде цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабардар ету тәртібі айқындалды.

2021 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша Бұйрық шеңберінде Министрлікке цифрлық майнинг саласындағы ағымдағы қызмет туралы және цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы 27 ұйым ресми түрде хабардар етті. Оның ішінде:

Цифрлық майнинг саласындағы ағымдағы қызмет туралы 19 ұйым:

  1. PC Algorithm LTD, 2. Smart Lab Ltd, 3. «КазИнтерс» ЖШС, 4. Частная компания «Netlogic Ltd.», 5. ТОО «Инфопрогсервис», 6. «Инновация информационных технологий» ЖШС, 7. «Алтын 2020» ЖШС, 8. «Dala - Ulytau» ЖШС, 9.«Akkara Production» ЖШС, 10. «QYBERTECH» ЖШС, 11. «Тараз Сити Сервис» ЖШС,12. «Фирма «Опера Холдинг» ЖШС, 13. ЖК Султанов Р.З. (Kapital Group), 14. ЖК Султанов А.З, 15. «The Qoin» ЖШС, 16. Частная компания «TGK KRG Ltd.»,17. «COMPSTYLE» ЖШС, 18. «BTC KZ» ЖШС, 19. «Atyrau DC» ЖШС.

Цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы 8 ұйым:

  1. «HOPE HASH KAZAKHSTAN LTD ЖШС, 2. ENERGY TIMES» ЖШС, 3. «XFinity Solutions» ЖШС, 4. «Цифровые информационные технологии» ЖШС, 5. «KazDigital LTD» ЖШС, 6. «ULI DALA SERVICES» ЖШС, 7. «Fulcrum Asia» ЖШС, 8. Частная компания «Nursultan Bit Silk Road Power Engineering».
Ақпарат
Дата публикации
05 ноября 2021