Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосу және мемлекеттік органдардың немесе жергілікті атқарушы органдардың интранет-ресурсына мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы қолжеткізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосу және мемлекеттік органдардың немесе жергілікті атқарушы органдардың инртанет-ресурсына мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы қол жеткізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына анықтама

 

Жоба Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 129-тармағына сәйкес әзірледі.

Бұл жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздемейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Жобаның мақсаты Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосу және мемлекеттік органдардың немесе жергілікті атқарушы органдардың инртанет-ресурсына мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы қол жеткізуге рұқсат беру тәртібін айқындау болып табылады.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер жоқ.

Жобаның ережелерін іске асыру қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа заңдарын немесе өзге де нормативтік актілерін қабылдауды қажет етпейді.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосу туралы бұйрық
Дата публикации
11 августа 2019