Конкурстық комиссиясы отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 11 хаттамасынан үзінді

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеу бойынша барлық мемлекеттік органндардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Конкурстық комиссиясы отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы
№ 11 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Қатысушылардың ұсынылған құжаттарын қарастыру нәтижесінде Конкурстық комиссияның ШЕШІМІ:

1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес, төмендегі қатысушылар әңгімелесуге жіберілсін:

     1.1 Батыргожин Агзам Аманжолович;

     1.2 Кулдуйсенов Амангельды Абдикадырович;

     1.3 Мирзанова Айгуль Бакытбековна.

2. Осы конкурсқа арналған сұрақтар тізімі Қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Конкурсқа қатысушының әңгімелесу уақыты 2020 жылғы «28» қаңтар күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8, 16В-кіреберіс мекен-жайында өткізілсін.

4. Әңгімелесу барысында техникалық жазу құрылғысы пайдаланылсын.

Конкурстық комиссиясы отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 11 хаттамасынан үзінді
Дата публикации
27 января 2020