Қатысушылардың ұсынылған құжаттарын қарастыру нәтижесінде Конкурстық комиссияның ШЕШІМІ:
- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес, төмендегі қатысушылар әңгімелесуге жіберілсін:
1.1. Султашев Айвар Тургалиевич;
1.2. Жунусов Самат Андреевич.
- Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, әңгімелесуге жіберуден бас тартылсын:
- Кульмухамбетов Бауыржан Муратович (білімі бойынша сәйкес келмейді).
- Осы конкурсқа арналған сұрақтар тізімі №1 Қосымшаға, эссе тақырыптарының тізімі №2 Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Кандидаттардың эссе жазу уақыты 2020 жылы «5» наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-де, әңгімелесу уақыты 2020 жылы «5» наурыз күні сағат Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де өткізілсін.
- Әңгімелесу барысында техникалық жазу құрылғысы пайдаланылсын. Сонымен қатар, кандидаттардың өңірлік тұрғылықты мекен-жайын есепке ала отырып, оларға жайлы жағдайлар жасау мақсатында әңгімелесу бейнеконференцбайланыс арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның аумақтық филиалдарында келесі мекен-жайлар бойынша өткізілсін:
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 2-кіреберіс, 309-кабинет;
Маңғыстау облысы (Ақтау қаласы, 15 шағын ауданы, 67Б);
БҚО (Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2).