Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Конкурстық комиссиясы отырысының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 6 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Қатысушылардың ұсынылған құжаттарын қарастыру нәтижесінде Конкурстық комиссияның ШЕШІМІ:

  1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес, төмендегі қатысушылар әңгімелесуге жіберілсін:

1.1. Султашев Айвар Тургалиевич;

1.2. Жунусов Самат Андреевич.

  1. Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, әңгімелесуге жіберуден бас тартылсын:
    • Кульмухамбетов Бауыржан Муратович (білімі бойынша сәйкес келмейді).

 

  1. Осы конкурсқа арналған сұрақтар тізімі №1 Қосымшаға, эссе тақырыптарының тізімі №2 Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Кандидаттардың эссе жазу уақыты 2020 жылы «5» наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-де, әңгімелесу уақыты 2020 жылы «5» наурыз күні сағат Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де өткізілсін.
  3. Әңгімелесу барысында техникалық жазу құрылғысы пайдаланылсын. Сонымен қатар, кандидаттардың өңірлік тұрғылықты мекен-жайын есепке ала отырып, оларға жайлы жағдайлар жасау мақсатында әңгімелесу бейнеконференцбайланыс арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның аумақтық филиалдарында келесі мекен-жайлар бойынша өткізілсін:

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 2-кіреберіс, 309-кабинет;

Маңғыстау облысы (Ақтау қаласы, 15 шағын ауданы, 67Б);

БҚО (Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2).

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Конкурстық комиссиясы отырысының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 6 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Дата публикации
03 марта 2020