Жұмыс тобына үміткер

«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 5 ақпандағы № 536 хаттамасының 3-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» өзгерту туралы мәселесі ведомствоаралық комиссияның мүшелерімен мақұлданды.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамы жаңартылуда.

Жұмыс топ мүшелеріне кіру үшін а.ж. 28 ақпанына дейін кандидат туралы мәліметті (толық аты-жөні, ұйым, лауазым, телефон, e-mail және хаттың тақырыбы: «Жұмыс тобы») a.jurgenova@mdai.gov.kz мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.

Хабарландыру
Дата публикации
24 февраля 2021