Қазақстанда жасанды интеллектіні әзірлеу және қолдану жөніндегі ұлттық стандарт қолданылады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚР СТ ISO/IEC 5339-2025 «Ақпараттық технологиялар. Жасанды интеллект. Жасанды интеллект қосымшаларына арналған нұсқау» ұлттық стандарты қолданылады. Стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2025 жылғы 23 қазандағы № 64-НҚ бұйрығымен бекітілген және ISO/IEC 5339:2024 халықаралық стандартымен бірдей.

Құжат жасанды интеллект қосымшаларын әзірлеу және пайдалану, қатысушылардың рөлдері мен жауапкершілігін айқындау, жүйелердің сипаттамаларын және оларды қолданудың ықпалын бағалау жөніндегі ұсынымдарды қамтиды. Тәуекелдерді басқаруға, қауіпсіздікке, дербес деректерді қорғауға, ашықтыққа және жасанды интеллект жұмысының нәтижелерін түсіндіру мүмкіндігіне ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік органдар үшін стандарт жасанды интеллект шешімдерін таңдау және енгізу кезінде әдістемелік негіз бола алады. Оның ережелері технологияны қолдану мақсаттарын айқындауға, пайдаланылатын деректердің сапасын бағалауға, тиімділік өлшемдерін белгілеуге және автоматтандырылған шешімдердің азаматтарға ықтимал әсерін ескеруге көмектеседі. Мұндай тәсіл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен басқару процестеріне жасанды интеллектіні жауапкершілікпен енгізуге ықпал етеді.

 

Дата публикации
08 октября 2026