Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) «Жасанды интеллект саласындағы дағдыларды, кәсіпкерлікті және нарықтарды дамыту (ALEM AI) (P513072)» жобасын (бұдан әрі — Жоба) іске асыруға дайындық аясында, Халықаралық қайта құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банктің) қарызы есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жоба бойынша, Жобаның жаңартылған экологиялық және әлеуметтік құжаттамасын жария етуді жариялайды.
Құжаттама 2026 жылғы 13–20 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы Жоба бойынша келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісілген ережелерді ескере отырып жаңартылды.
Атап айтқанда, келіссөздер барысында тараптар Жоба аясындағы келісілген экологиялық және әлеуметтік міндеттемелерді көрсететін Әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспарын (ӘЭМЖ) және Әлеуметтік-экологиялық қағидалар жинағы (ӘЭҚЖ) қарап, келісті. Осыған байланысты ЖИЦДМ мүдделі тараптардың танысуы және қоғамдық консультациялар өткізу үшін жаңартылған экологиялық және әлеуметтік құжаттаманы ұсынады.
Ақпаратты жариялаудың мақсаты
Осы хабарландыру және оған қоса берілетін құжаттар халықаралық қаржы ұйымдарының рәсімдеріне және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына, соның ішінде Орхус конвенциясының қоғамдық қатысу қағидаттарына сәйкес, Жобаны одан әрі қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында жарияланады.
Жобаның сипаттамасы
Жоба жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларға қолжетімділікті кеңейту, цифрлық дағдыларды дамыту, зерттеу және технологиялық инфрақұрылымды құру (жасанды интеллект орталығы мен робототехника зертханасын жарақтандыруды қоса алғанда), сондай-ақ стартаптарды қолдау және Венчурлік капиталды жұмылдыру арқылы Қазақстандағы стартаптардың экожүйесін дамытуға бағытталған.
Жоба шеңберінде келесі экологиялық және әлеуметтік құжаттар әзірленді:
Аталған құжаттар Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық стандарттарына сәйкес экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және шағымдарды қарау тетігін (МРЖ) айқындайды.
Құжаттармен келесі мекенжай бойынша танысуға болады:
Құжаттар келесі тілдерде қолжетімді:
Қажет болған жағдайда материалдар қолжетімді форматтарда ұсынылуы мүмкін.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарына (ПВЗС) сәйкес Жоба:
Ұсыныстар мен ескертулерді келесі тәсілдермен жолдауға болады:
Барлық алынған пікірлер қаралып, жобалық құжаттаманы пысықтау барысында ескерілетін болады.
Жоба шеңберінде шағымдарды қарау тетігі (МРЖ) жұмыс істейді, ол:
МРЖ байланыс деректері: support@astanahub.com
Аты-жөні: Ербол Ахметов
Лауазымы: Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің серпінді технологияларды дамыту басқармасының басшысы.
Email: e.akhmetov@mdai.gov.kz