Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру салаларындағы қызметтерінің бағаларын өзектендіру жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Тыңдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның өтінімі бойынша онлайн форматта 2026 жылғы 15 шілде, Астана уақыты бойынша сағат 15:00 өткізіледі.
Тыңдауға мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.
Тыңдауға қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу үшін +7(7172) 955 038 (130) нөмірі бойынша хабарласыңыз немесе өтінімдерді a.isabekov@mdai.gov.kz, a.seitkadyrova@gov4c.kz почталарына жолдаңыз.
Тыңдауға қатысу сілтемесі тіркелген қатысушыларға жолданатын болады. Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 шілде сағат 10:00 ден 17:00 дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Исабеков Абай +7(7172) 64-91-29
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Сейткадырова Аружан +7(7172) 955 038 (130), +77056093380
a.seitkadyrova@gov4c.kz