Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақпараттандыру саласындағы сараптама

Соңғы 10 жылда IT-нарықтың айтарлықтай өсуі байқалды, оның үлесі АКТ-секторының жалпы көлемінде 28-ден 46 %-ға дейін ұлғайды. Бұған цифрландырудың белсенді саясаты және коронадағдарыс кезеңіндегі цифрландырудың жеделдетілген процесі ықпал етті.

2021 жылы IT-нарық көлемі 1 655 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 141%-ға артық.

Өсудің негізгі себебі IT-қызметтер көлемінің 2017 жылғы 279 млрд теңгеден 2021 жылы 977,3 млрд теңгеге дейін өсуі болып табылады (3 еседен астам өсу).

Жалпы өсім IT-нарығының барлық компоненттері бойынша байқалады. IT-жабдықтардың көлемі 2021 жылы 539,1 млрд теңгені, 2017 жылы 365 млрд теңгені (67%-ға өсу), ал лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің көлемі 2021 жылы 139 млрд теңгені (3,4 есеге өсу), 2017 жылы 41 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте, қазақстандық ақпараттық-технологиялық компанияларының халықаралық нарыққа белсенді шығуы тіркеліп отыр. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша АКТ қызметтері мен тауарлардың экспорты шамамен 60,06 млн. АҚШ долларын құрады, онда қызметтер экспортының 50 %-дан астамы Еуропа елдері мен Америка Құрама Штаттарына (бұдан әрі – АҚШ) тиесілі.

Ресми статистикалық деректер бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген IT-қызметтердің көлемі 646 млрд теңгені құрады. Қызмет түрлері бойынша негізгі көлем бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге – 31,7 %-дан, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыруға және олармен байланысты қызметке – 20 %-дан, ақпараттық технологиялар саласындағы басқа қызмет түрлеріне – 16 %-дан келді.

2021 жылы АКТ-ны дамытуға және пайдалануға байланысты қызметкерлерді оқытуға жұмсалатын шығындардың 2,1 млрд теңгеге дейін айтарлықтай өсуі байқалады, ал ұйым ішінде бағдарламалық қамтылымды дербес әзірлеуге жұмсалатын шығындар 31,5 млрд теңгеге дейін жетеді.

Цифрлық экономиканың ауқымымен адами капиталды – заманауи дағдылары бар кадрларды дамыту қажеттілігі артып келеді. ЦДИАӨМ-нің деректері бойынша Қазақстанда АКТ-кадрларға жыл сайынғы қажеттілік шамамен 30 мың адамды құрайды.

Қазіргі уақытта тар АТ мамандарының деңгейі төмен, оларға сұраныстың өсуі жалғасуда, 2021 жылы бос жұмыс орындарының саны 2020 жылмен салыстырғанда 52 %-ға өсті.

Ресми статистика деректері бойынша 2021 жылы Қазақстанда АКТ мамандарының саны 41 мың адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы құрылымында 1,2 %-ды құрады.

Жыл сайын 22 мыңға жуық жас (оқушылар ("Информатика" пәні күшейтілді) IT-мамандар шығарылады.

2022 жылдан бастап түлектер IT-мамандыққа түсу үшін "физика" пәнінің орнына "информатика" пәнін ҰБТ-ға тапсыра алады;

297 колледж бойынша 2022-2023 оқу жылында АКТ саласында білім алушылар контингенті – 44 525 студентті, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 31 361 студент, 2022 жылы 9 830 түлекті құрады;

78 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (2022-2023 оқу жылында АКТ саласында білім алушылар контингенті 49 456 студентті, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 27 594 студентті, 2022 жылы 9049 түлекті құрады);

49 IT-мектеп 6 403 түлек дайындады және 18 487 студентті оқытуда.

Адами капиталды дамыту инновацияны ынталандыру үшін өте маңызды.

Жалпы, елдің инновациялық әлеуетін дамыту үшін мемлекеттік технологиялық саясат жоспарлы түрде құрылып, іске асырылуда.

Бүгінгі таңда мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру мен іске асырудың негізгі буыны құрамына мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ғылыми және бизнес топтардың өкілдері кіретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес болып табылады.

Кеңес мемлекеттік қолдау және жедел дамуға жәрдемдесу үшін бағдарлар болып табылатын басымдықтарды айқындайды.

Мәселен, таяу болашақта технологиялық саясаттың негізгі бағдарлары кеңестің бірінші отырысында бекітілді.

Атап айтқанда, басым технологиялық бағыттар: MedTech (денсаулық сақтау жүйесінің технологиялық дамуы); AgriTech (ауыл шаруашылығындағы инновациялар және агроөнеркәсіптік кешеннің технологиялық трансформациясы); AgriTech (жасыл энергия тиімді технологияларды дамыту) болып айқындалды.

Сапалы және тиімді мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастырудың келесі "қадамы" кеңес отырыстарында бекітілген технологиялық басымдықтар мен шаралар призмасы арқылы салалық және өңірлік саясатты іске асыру болып табылады.

Бұл кезеңде жетекшілік ететін салалар мен өңірлерде технологиялық саясаттың негізгі бағдарларын іске асыратын салалық және жергілікті атқарушы органдар ерекше маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттік органдардың жанынан салалық технологиялық құзыреттер орталықтары құрылады, олардың негізгі міндеті салалардың технологиялық дамуын мұқият талдау және жәрдемдесу болып табылады.

Сондай-ақ, венчурлік инвестициялар нарығы елдің инновацияларын қолдау мен дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, түрлі шаралар қолдануда.

Қазақстан венчурлік экожүйені дамытудың осы жолының басында тұрғанын атап өткен жөн.

2022 жылдың қорытындысы бойынша венчурлік инвестициялардың өңірлік нарығы 60-80 млн. долларға бағаланды. 2022 жылы 100 млн. долларға бірнеше жаңа жеке венчурлық қорлар (MyVentures, Tumar Venture Fund, Big Sky Capital және т.б.) іске қосылды. Өз кезегінде, MOST Holding ақпараты бойынша Қазақстанда венчурлік мәмілелердің орташа мөлшері 2021 жылы 360 мың долларды, ал 2022 жылы 800 мың долларды құрады.

Бұл қазақстандық нарыққа жеке инвесторлар қызығушылық танытатынын көрсетеді. Алдағы жылдары жоғары өсу болжануда, өйткені қазіргі уақытта нарық әлі де капиталдандырылмаған.

Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жаһандық инновациялар индексінің рейтингіне сәйкес Қазақстан 79-орында, бұл технологиялық дамудың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

Инновациялық дамудың мұндай халықаралық рейтингтері қолайлы отандық инновациялық жүйені дамыту бойынша жүйелі және кешенді жұмысты күшейту қажеттігін білдіреді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы