
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар 400-ден астам ақпараттық жүйелерде қамтылған деректердің үлкен жиымдарын жинақтады.
Кестелер мен өрістерге (метадеректерге) талдау 32 МО бөлінісінде, оның ішінде 21 ОМО және 11 ЖАО, МО АЖ 128 ДБ бойынша жүргізілді. Талданғаны: 84 523 кесте және 969 203 өріс.
Жүргізілген талдау 128 дерекқордың 107-сі бойынша метадеректердің сапасы 90% немесе одан да көп екенін көрсетті.
Бұл ретте ел экономикасы үшін маңызды салаларда өзекті ақпаратты үздіксіз есепке алу жолға қойылмаған. Деректерді басқарудың дамыған орталықтандырылған жүйесінің болмауына байланысты мемлекеттік органдармен жедел және стратегиялық шешімдерін сапалы қабылдау үшін қажетті ақпараттың болмауы және бытыраңқы болу қаупі туындайды.
Азаматтардың өтініштерін талдау мәліметтер базасындағы ақпараттың сапасыздығын көрсетеді, бұл өз кезегінде цифрландырудың әсерін шектейді.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың дерекқорларын қалыптастыруда және соның салдарынан деректерді тікелей беру мүмкіндігінсіз тар бағытталған ақпараттық жүйелерді құруда тұтас көзқарас жоқ.
2021 жылы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды зерттеу "тұрғылықты мекенжайы" атауы бойынша 177 кестеде 907 өріс, 11 дерекқор, 5 мемлекеттік органда табылғанын көрсетті.
Бұл ретте, бастапқы дереккөздің қандай мән екендігі белгісіз болып табылады.
2022 жылы жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп деректерді басқарудың әдіснамалық және үйлестіру тетіктерін айқындады, деректерге талаптар қойылды, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары шеңберінде жеке және заңды тұлғалардан деректерді сұратуға толық тыйым салу қарастырылған.