
1992 жылы 22 қыркүйекте Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген.
2016 жылы Джеймс Кук университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылдан 2021 жылға дейін - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді
2021 жылғы 24 қыркүйектен 2022 жылғы 28 сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаменті директорының орынбасары.
2022 жылғы 29 сәуірден 2022 жылғы 31 мамырға дейін - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры.
2022 жылғы 1 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры.