
15 сәуірден бастап Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ) жедел жеткізуді іске асыру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады.
Мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ-мен қамтамасыз ету оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Әлеуметтік қызметтер порталындағы бұл қызмет ОТҚ алудың екі әдісін қарастырады: алып кету және жеткізу. Бүгінгі күні жеткізу қабылдау пункті арқылы жүзеге асырылады, ал өңдеуден кейін курьерге беріледі. Орташа алғанда, бұл процесс 8 күн уақытты алады.
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ОТҚ-ның барлық түрін 1 күн ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жоспарлануда. Экспресс-жеткізу операторы «Яндекс Деливери Кейзет» ЖШС курьерлік қызметі болады.
Пилоттық жоба ОТҚ экспресс-жеткізудің тиімділігін бағалауға және оң нәтиже болған жағдайда оны Қазақстанның бүкіл аумағына масштабтау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.