
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған Жолдауының маңыздылығын түсіндіру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Төраға орынбасары Д. Сәдуақасова а.ж. 18 қазанындаТүркістан облысында болды.
Сайрам және Түлкібас аудандарында кездесуге 400-ден астам адам жиналды. Онда республикалық ақпараттық топтың мүшелері Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі тұстарын түсіндірді.
Кездесуді ашқан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Төраға орынбасары Д. Сәдуақасова, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауы халқтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және жаһандық жағдайларда бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформаларұсынатындығын атап өтті.