Меню

Страницы

Статья

«Кадрлардағы жергілікті қамту үлесін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына анықтама

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган атауы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы жобанын қабылдаудың мақсаты «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне «жергілікті қамтудың», «жергілікті қамту», «жергілікті қамтуға» деген сөздер тиісінше «елішілік құндылықтың», «елішілік құндылық» деген сөздермен ауыстыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру болып табылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба халықаралық шарт болып табылмауына байланысты оны кейіннен ратификациялау қажеттілігі жоқ.

2022 жылғы 17 ақпанда жоба ҚР ЕХӘҚМ сайтында, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

2022 жылғы 17 ақпанда жоба сараптама үшін аккредиттелген ұйымдарға жіберілді.

2022 жылғы 18 ақпанда жоба қоғамдық кеңеске келісуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне жіберілді.

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

12 октября 2026
Статистикалық көрсеткіштер
29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы