Бұйрық жобасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне «жергілікті қамту», «жергілікті қамтудың» деген сөздерді «елішілік құндылық», «елішілік құндылықтың» деген сөздермен ауыстыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы
27 желтоқсандағы № 87-VII Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқтырмайды.
Жоба «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған.