Халықтың көші-қоны
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап әлемдік қоғамдастықтың жаһандану үрдістеріне жауап беретін және ұлттық қауіпсіздікті нығайту, демографиялық жағдайды жақсарту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде көші-қон ағындарын пайдалануға бағытталған өзінің көші-қон саясатын жүргізе бастады.
Тәуелсіздік жылдары көші-қон ағындарын басқару Қоғамдық қайта құрулардың стратегиялық бағыттарына және Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының арнайы әзірленген тұжырымдамаларына сәйкес жүзеге асырылды.
Өз кезегінде, халықтың көші-қоны саласындағы қазіргі және күтілетін ішкі және сыртқы сын-қатерлерді ескере отырып, Үкімет көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 қаулысы).
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын экономикалық, әлеуметтік және демографиялық дамудың күтілетін перспективаларымен, сыртқы саясатпен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестермен және жаһанданудың жалпы әлемдік үрдістерімен өзара байланыста айқындайды.