«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 2020 жылғы 27 тамыздағы № 118-р Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкіміне сәйкес әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты кейбір Үкіметтің шешімдерінде бүкіл мәтін бойынша «оралман» сөзіні «қандас» сөзі мен ауыстыру.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.