Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 275 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Қостанай облысында 583 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді. Оның ішінде 275 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым объект анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 объект сай келуі қажет. Ал биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 9 128 объект бейімделді.

Қостанай облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 объектіні бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 объектінің 583-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу іс-шараларын жүргізді.

ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда көрсетілген объектілердің ішінен 275 объектінің толық бейімделуі расталды.

Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

- мемлекеттік мекемелер – 165 (әкімдіктер – 76, облыстық басқармалар – 5, мәслихаттар – 7, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері – 77);

- денсаулық сақтау объектілері – 17 (емханалар – 3, ауруханалар – 3, дәрігерлік амбулаториялар – 11);

- білім беру объектілері – 15 (мектептер – 8, балабақшалар – 2, психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кабинеттері – 4, шығармашылық үйлер – 1);

- мәдениет нысандары – 29 (кітапханалар – 12, мұражайлар – 2, мәдениет үйлері – 11, демалыс саябақтары – 4);

- спорт нысандары – 11 (стадион – 1, БЖСМ – 5, спорт кешендері – 5);

- қызмет көрсету саласының өзге де объектілері – 38 (банк филиалдары – 4, пошта бөлімшелері – 2, әлеуметтік қорғау орталықтары – 6, дәріханалар – 5, теміржол вокзалдары – 4, ХҚКО – 12, Аманат партиясының филиалдары – 3, дүкендер – 2).

354 объект ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 1656 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 7; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 474; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 230, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 945.

Объектілердің меншік иелерімен бейімдеу жөніндегі іс-шараларды аяқтау үшін түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 147 объектіні бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 76 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 11 – жеке тұлғалардың өтініштері бойынша және нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер, 25 – профилактикалық бақылау шеңберінде, прокуратура органдарының ұсыныстары бойынша 40 тексеру болды.

Барлық тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 49 ұйғарым берілді, 2,6 млн теңгеден астам сомаға 18 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айыппұл салынады.

Дата публикации
13 июля 2023
Дата обновления
13 июля 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

12 октября 2026
Статистикалық көрсеткіштер
29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы