2026 жылғы 1-тоқсан қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат

2026 жылғы 1-тоқсан қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат

 

2026 жылғы 1-тоқсанда "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін саны 62 544-ті құрады, бұл 2025 жылғы 1-тоқсанның кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға төмен (65 061).

 

Алғаш рет мүгедектігі белгіленген адамдар саны 15 226 адамды құрады, бұл ретте 1,0%-ға төмендеу оң динамикасы байқалады (15 074 адам). Төмендеу негізінен ересек халық арасындағы көрсеткіштің 2,7%-ға азаюымен (9 757 қарсы 10 023 адам) байланысты.

 

Алғаш рет мүгедектігі белгіленгендердің құрылымында:

I топ — 1 849 адам;

II топ — 5 847 адам;

III топ — 3 498 адам;

18 жасқа дейінгі балалар — 4 032 бала.

 

Ересек халық арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында:

бірінші орынды онкологиялық аурулар алады — 30,2% (28,2%);

екінші орын — қан айналымы жүйесінің аурулары — 24,8% (26,1%);

үшінші орын — барлық локализациядағы жарақаттар — 7,2% (8,0%).

 

18 жасқа дейінгі балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында:

бірінші орын — психикалық бұзылыстар салдарынан болған мүгедектік — 43,4% (32,6%);

екінші орын — туа біткен даму ақаулары — 18,1% (21,9%);

үшінші орын — жүйке жүйесі аурулары — 14,0% (18,7%).

 

Есепті кезеңде барлығы 48,3 мың адам қайта куәландырылды, оның ішінде 39,4 мың адам мүгедектігі бар адам болып танылған.

Қорытынды бойынша:

толық оңалтудың үлесі 7,0%-дан 6,9%-ға дейін төмендеді;

ішінара оңалтудың үлесі 14,4%-дан 13,7%-ға дейін төмендеді;

ауырлау үлесі 5,7%-дан 5,8%-ға дейін аздап өсті.

 

Мүгедектікті сырттай проактивті белгілеу нәтижелері

2026 жылғы 1-тоқсанда сырттай куәландыру бойынша 28,7 мың өтінім қаралды, бұл медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 46%-ын құрайды.

 

 

 

 

Дата публикации
01 апреля 2026