Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ОТҚ және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 512 мың іс-шара немесе қажетті (552 мың) санының 92,8%-ы іске асырылды.
Оның ішінде: арнайы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) 94,4% (19,7 мың мұқтаж адамнан 18,6 мың адам қамтамасыз етілген), протездік-ортопедиялық көмекпен 86,9% (95,2 мың мұқтаж адамнан 82,8 мың адам қамтамасыз етілген), сурдотехникалық құралдармен 93,6% (14,6 мың мұқтаж адамнан 13,7 мың адам қамтамасыз етілген), тифло-техникалық құралдармен 95,2% (30,6 мың мұқтаж адамнан 29,1 мың адам қамтамасыз етілген), санаторий-курорттық емдеумен 87% (115,2 мың мұқтаж адамнан 100,2 мың адам қамтамасыз етілген), міндетті гигиеналық құралдармен 96,3% (239,8 мың мұқтаж адамнан 231 мың адам қамтамасыз етілген).
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша
«Amanat» партиясының Жол картасымен 2024 жылдан 2027 жылға дейін қолжетімділіктің Интерактивті картасында орналастырылған барлық объектілерді бейімдеу бойынша жұмыс жоспарланған. Жылдық орындалу пайызы өсу қорытындысымен 20 %-ды құрайды.
2023 жылы картадағы нысандардың 20 %-ын, 2024 – 40 %, 2025 – 60 %, 2026 – 80 %, 2027 – 100 %-ын бейімдеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта қолжетімділіктің Интерактивті картасында 40 мыңға жуық нысан тіркелген, 2024 жылға арналған жоспар – 40 % немесе 17 325 нысан.
2024 жылдың қорытындысы бойынша қолжетімділіктің Интерактивті картасында 22 777 нысан немесе қолжетімділіктің Интерактивті картасына енгізілгендер санының 53 %-ы (жоспар 40%) толық бейімделген.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша
2024 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменттерінің мамандарымен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеліп, сонымен бірге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы ҚР-ның Әлеуметтік кодексінің сақталуына 1 492 тексеру жүргізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау - 741; жоспардан тыс – 751.
Оның ішінде 1 124 тексеру қолжетімділік бойынша, АОЖБ-ға сәйкес оңалту шараларын орындау - 148 және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету - 220 тексеру (арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын жергілікті атқарушы органдар – 33, стационар және жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 86, үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 170, уақытша болу жағдайларында - 3).
Сонымен қатар, прокуратураның өңірлік өкілдіктерімен 1 203 тексеру жүргізілді, олар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелмеген (оның ішінде стационар және жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 1, үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 1, уақытша болу жағдайларында - 1, қолжетімділік – 1 200).
Тексеру барысында 6 738 бұзушылықты анықтады, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасындағы бұзушылық – 5 638 (883 - мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындамау; 4 755 -мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына кіруін қамтамасыз етпеу);
- Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында – 1 100 бұзушылық.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 087 ұйғарым берілді, олар бойынша жалпы сомасы 230,3 млн.теңгеге 973 әкімшілік айыппұл салынды (ӘҚБтК-нің 83, 84-баптары).