ҚР ЕжХӘҚ министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.08.2024 № 318 бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде  әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
  2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады
  4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.
  8. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. Комитетке Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасасуға тыйым салынады.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемлері

  1. Комитеттің міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектігі бар адамдарды, жаппай саяси қуғын-сүргін салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Арал өңіріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру.

  1. Комитеттің өкілеттіктері:

       құқықтары:

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдарды (есептер, материалдар) сұрату және алу;

       Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және өзге де іс-шаралар өткізу;

        қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарды (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;

       Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын негізгі қызмет мәселелері бойынша үйлестіру;

       Комитеттің аумақтық бөлімшелерінен Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап ету;

       өзге мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

       Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

      өз құзыреті шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын тексеруді және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;

       Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

      міндеттері:

       басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

       Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, нұсқаулар беру және тиісті шешімдер қабылдау;

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

      Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне қатысты әкімшілік-өкімдік және бақылау функцияларын орындау;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлікке, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға ақпарат ұсыну;

      жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      Комитет пен Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Комитеттің функциялары:

      1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекелдерді мониторингтеуді және бағалауды ұйымдастыру;

       2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, әзірлеуге қатысу, келісу;

      3) құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

       4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз беру, соттарға қатысу;

      5) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану;

      6) жеке, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері және әлеуметтік қорғаудың төмен тұрған мемлекеттік инспекторы арасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында туындаған келіспеушіліктерді қарау;

      7) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын белгілеу немесе оны белгілеуден бас тарту, өзгерту, қайта қалпына келтіру, тоқтата тұру, тоқтату жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;

      8) республикалық бюджет есебiнен төлемдерді: мемлекеттік зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасы немесе әкесіне, асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына), төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін жоғары оқу орындарында күндізгі оқуда оқитын балалары олар білім беру ұйымдарында оқуын бітіргенге (бірақ жиырма үш жастан аспағанға) дейін берілетін жәрдемақыны: капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың жұзмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы түріндегі Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлем, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырма, сомасы зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған сәттегі зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы тағайындау бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту), арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы туралы шешім қабылдау және олардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және бақылау;

       9) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ міндетті Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайға байланысты әлеуметтiк төлем тағайындауға құжаттарды қабылдауын мониторингтеу;

      10) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлеу;

      11) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу;

      12) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау (өзгерту, қайта бастау, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің уақтылы және дұрыс қабылдануына бақылауды жүзеге асыру;

      14) бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың, жерлеуге арналған біржолғы төлемдер уақтылы және толық төленуіне бақылауды жүзеге асыру;

      15) бюджет қаражаты есебінен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны мен сомалары туралы деректер жинауды ұйымдастыру;

      16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарау;

      17) республикалық бюджет есебiнен зейнетақы мен жәрдемақыларды, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен алу, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу мәселелері жөнінде түсіндірме беру;

      18) өз құзыреті шегінде еңбек, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы, медициналық-әлеуметтік сараптаманың, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      19) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуін мониторингтеу;

      20) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша қызметін үйлестіру;

       21) медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу арқылы "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету бөлігінде тәуелсіз сарапшылардың жұмысын үйлестіру, мониторингтеу және ұйымдастыру;

      22) медициналық-әлеуметтік сараптаманы бетпе-бет немесе сырттай жүргізу арқылы "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету бөлігінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін мониторингтеу және бақылау;

      23) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік және кәсіби бөліктерін әзірлеу, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты жарақат алған не денсаулығына өзге де зақым келген жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын бетпе-бет немесе сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы айқындау бойынша қызметін мониторингтеу және бақылау;

      24) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мүгедектердi абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау жүргізу қызметін үйлестіру және мониторингтеу;

       25) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер мен алдын алу бақылауын уақтылы және объективті жүргізілуін үйлестіру және мониторингтеу;

      26) жергілікті атқарушы органдардың қызметін бірінші топта мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің, есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерімен, санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен толық және уақтылы қамтамасыз ету бойынша, әлеуметтік қызметтер порталына тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерге рұқсат беру бойынша қызметін тексеруді жүзеге асыру, оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару әлеуметтік қызметтер порталында, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бюджет қаражатынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу бойынша тексеруді жүзеге асыру;

      27) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша заңнаманы, нормативтік актілерді бұзу себептерін талдау, қорыту және оларды жою бойынша шаралар;

      28) мүгедектікті белгілеуге, зейнетақы төлемдерін тағайындаудың дұрыстығына, азаматтардың зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өзге де төлемдерді заңсыз алу фактілерінің анықталуына талдау жүргізу;

      29) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      30) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) қатысуымен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешенін үйлестіру;

      30-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияны беру;

      30-2) азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге тексеру жүргізуге арналған бақылау іс-шараларының үлгілік бағдарламасын әзірлеу;

      30-3) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметінің негізгі бағыттарын бағалау әдістемесін әзірлеу;

      31) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.12.2024 № 453; 31.03.2026 № 106 бұйрықтарымен.

 3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері

  1. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттігін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет Төрағасы жүзеге асырады.
  2. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Төрағаның орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  4. Комитет Төрағасының өкілеттіктері:

       1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені әзірлеу бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізеді;

      3) Министрліктің аппарат басшысына лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату туралы, оқыту (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, демалыстар беру, іссапарға жіберу, сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын көтермелеу және оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      4) мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;

       7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Комитет Төрағасына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Комитет Төрағасы уақытша болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды (еңбекке уақытша жарамсыздығы, демалыста, іссапарда болуы, өзге де дәлелді себептер бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
  2. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

 4-тарау. Комитеттің мүлкі

  1. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі:

  1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы.
  2.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы.
  3.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
  4. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы.
  5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы.
  6. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы.
  7. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы.
  8. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы.
  9.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы.
  10.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы.
  11.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы.
  12.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы.
  13.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы.
  14.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы.
  15. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласы.
  16. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
  17. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы.
  18.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті, Семей қаласы.
  19.   Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті, Талдықорған қаласы.
  20. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті, Жезқазған қаласы.



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ережесі
Дата публикации
11 января 2020