Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы №909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы №909 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12601 болып тіркелді, 2015 жылғы
31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларында:

8 және 9 тармақтарды келесі редакцияда толықтырылсын:

«8. Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган құрған, құрамында кемінде үш адамнан тұратын жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (ары-қарай  – комиссия) ұсынымы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган қабылдайды.

  1. Комиссия құрамына міндетті түрде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері кіреді.

Комиссия отырысына кемінде комияссияның 3 мүшесі қатысса, заңды деп танылады.

Комиссия отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.

Комиссияның шешімі Сенім сертификатын беру немесе беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Жұмыс берушінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы дауыс бергендер санының көпшілік даусымен қабылданады.

Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы, ал ол болмаған жағдайда – конкурстық комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болып табылады. Сырттай дауыс беруге жол берілмейді.»;

11 тармағын келесі редакцияда толықтырылсын:

 «11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары ақпараттық жүйелерді талдау және салыстыру негізінде, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметі туралы басқа да мәліметтер жұмыс берушінің қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасалады, комиссияның қарауына шығарылады.»;

14 тармақтың 2) және 3) тармақшаларын келесі редакцияда толықтырылсын:

 «2) декларация берілген күнге дейін, еңбек заңнамасында екі жыл ішінде орын алған өрескел бұзушылықтар;

 3) декларация берілген күнге дейін, екі жыл ішінде орын алған, ауыр немесе өліммен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар.»;

1-Қосымшада:

Тақырыпты келесі редакцияда толықтырылсын:

 «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға

 __________________________________________________

(облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының атауы)»;

Еңбек заңнамасы талаптарының мазмұны келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 21 және 22 жолдармен толықтырылсын:

 

«

№

Еңбек заңнамасы талаптарының мазмұны

Декларация (иә / жоқ)

21

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі енгізілді және оның жұмыс істеуін бақылау жүзеге асырылады

 

22

Кәсіптік біліктілікті танудан өткен қызметкерлердің кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаты болады

 

                                                                                                                                      ».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

Комитету труда и социальной защиты Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеуінен кейін, күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. А. Сарбасовқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

                                                                            

 

АЖТ

 

 

 

 

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 909 «Об утверждении Правил декларирования деятельности работодателя»
Дата публикации
16 октября 2023