«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

«Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызу және Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта атау туралы» 19.06.2018 жылғы № 702  және  Жетісу облысын, Абай облысын және Ұлытау облысын құру туралы 03.05.2022 жылғы № 887 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының                        2-тармағына, «Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.03.2015 жылғы № 146 қаулысына сәйкес, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау және медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында қолданыстағы заттай нормаларды аумақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті бөлімшелердің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қызметіне жүргізілген талдау негізінде өзгерту қажеттілігіне байланысты «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің аумақтық бөлімшелерінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

Барлығы 90 бірлік арнайы көлік құралдарын қайта бөлінуі зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау саласындағы және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу департаменттерінің функцияларын орындау, тіршілік әрекетінің шектелу себебін, мерзімін айқындай отырып, мүгедектік тобын және/ немесе еңбекке жарамсыздығынан айырылу дәрежесін белгілеу және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу үшін жаңа облыстардың құрылуына байланысты қайта қаралды.

2023 жылы 05 ақпанда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Бұйрық жобасы 2023 жылы 27 ақпанда Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелеріне жолданды.

Бұйрық жобасын қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды. Бұйрық жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.

Дата публикации
03 марта 2023