«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығының жобасы өлшемшарттар мен тексеру парақтарының нысанымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бірлескен бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты мемлекеттік бақылау жүйесіндегі жаңа реформаны ескере отырып, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу болып табылады.
2022 жылдың 31 қазанында бірлескен бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жарияланып талқылану үшін орналастырылған.