«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақатарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12701 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі»;

3-1) тармақ мынадай толықтырумен жазылсын:

«3-1. Мемлекеттік органдар бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызады:

1) жоғары тәуекел;

2) орташа тәуекел;

3) төмен тәуекел.

Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.»

6-1 тармақ мынадай толықтырумен жазылсын:

«6-1. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.»

8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.»

«9. Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4

мұндағы:

SРн - болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

SР1 - бақылау субъектісіне (объектісіне) қойылған болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

SР2 - бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.»

«10. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 41-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 40-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына ең көбі бір рет айқындалады.

Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ ең көбі екі жылда бір рет айқындалады.

Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ ең көбі үш жылда бір рет айқындалады.»;

қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4 және 5-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын;

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
    Е.Д. Оспановқа жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

__________Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі ________ А. Қуантыров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

жөніндегі комитет

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Дата публикации
28 октября 2022