Баспасөз релизы

 «Жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасының баспасөз релизы

«Жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне паспорттау (түгендеу) және бейімдеу жүргізу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкестендіру шеңберінде әзірленді. Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «мүгедек» ұғымын «мүгедектігі бар адамға» ауыстыруды көздейді. Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. Жобаны қарау үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14164596 сілтеме арқылы өту керек.
Дата публикации
12 августа 2022