«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бірлескен бұйрығына ақпараттық хабарлама
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығының жобасы өлшемшарттар мен тексеру парақтарының нысанымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бірлескен бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «мүгедек» ұғымын «мүгедектігі бар адамға» ауыстыруды көздейді, «абилитация» және «Әлеуметтік қызметтер порталы» терминінің енгізілуі болып табылады.
2022 жылғы 8 тамызда бірлескен бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. Жобаны қарау үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14176257 ссылка арқылы өту керек.
2022 жылғы 22 тамызда қоғамдық талқылаудың мерзімі аяқталады.