«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бірлескен бұйрық

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақатарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12701 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының

3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;»;

6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін меншік нысанына қарамастан субъектілерге (ұйымдарға) қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

1-қосымшада:

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері»;

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Осы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларымен (бұдан әрі - Тексеру парақтарының нысандарын және мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) субъектіге (объектінің) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін.»;

2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) елеулі бұзушылық – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу:

қызмет алушыға қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығару мерзімдерін бұзу және жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға бағалау жүргізу және қажеттілікті айқындау мерзімдерін бұзу;

қызмет алушыға ұйымның мамандарының қадағалауынан кейін жеке жұмыс жоспарын мерзімдерін бұзуы, жеке жұмыс жоспардың және электрондық картотека журналының болмауы және толық толтырылмауы, стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің дәлелді тоқтата тұрылуын және (немесе) тоқтатылуын растайтын құжаттардың болмауы бойынша бұзушылық;

стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектерілердің (ұйымдардың) әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер талаптарының бөлігін ұсынудағы бұзушылықтар;

мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілер (ұйымдар) үшін мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емделумен, жүріп тұруы қиын бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін, есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілінің маманын, оларды міндетті гигиеналық құралдармен стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар;

мүгедектігі бар адамдарды қызмет көрсету аймақтарына, объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдарына, қоғамдық көлік түрлеріне және мәдени ойын-сауық іс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілердің (ұйымдардың) арнайы спорт мүкәммалын ұсыну және көлік инфрақұрылымы бойынша бұзушылықтар;

3) өрескел бұзушылық – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу:

стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-медициналық қызметтер талаптарының бір бөлігін ұсынудағы бұзушылықтар;

мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілердің (ұйымдардың) кіріс топтарына, санитариялық-тұрмыстық орынжайларға, объектінің аумағына, қозғалыс жолына мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар;

мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілер (ұйымдар) үшін мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық құралдармен, тифлотехникалық құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар;»;

4-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында – мүгедектігі бар адамдарға оңалту іс-шараларын орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің объектілеріне қолжетімділікті көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін субъектілер жатады.»;

5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«5. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында сауда, тұрмыстық, өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, коммуналдық, азық-түлік объектілеріне, дене шынықтыру және спорт, білім беру, қоғамдық тамақтану, демалыс объектілеріне (ойын-сауық және мәдениет инфрақұрылымы) қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды.»;

8-тармақты келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) әлеуметтік қызметтер порталының деректерін және өнім берушіні порталда тіркеу үшін ұсынған құжаттар топтамасын зерделеу негізінде комиссия қорытындысының нәтижелерін талдау.»;

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы субъективті өлшемшарттар» қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа

2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа

3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4-қосымша осы бірлескен бұйрыққа

4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 6-қосымша осы бірлескен бұйрыққа

6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бірлескен бұйрыққа 7-қосымша осы бірлескен бұйрыққа

7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

  1. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

__________Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі ________ А. Қуантыров

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

жөніндегі комитет

 

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бірлескен бұйрық
Дата публикации
10 августа 2022