«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 17-тармағының 3) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Жоба қоғамдық талқылау үшін 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекеттік органдардың «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталында орналастырылды.

Қоғамдық талқылау 2022 жылы 18 қаңтарда аяқталды.

Жобаға қатысты 6 пікір түсті, олар қабылданды және жобаны әзірлеу кезінде назарға алынды (есеп қоса беріледі).

Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғамайтындықтан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңеспен келісу талап етілмейді.

ППРК
Дата публикации
30 декабря 2021