Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О внесении изменений в некоторые решения

Правительства Республики Казахстан

 

 

Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

  1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
  2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

 

 

Премьер-Министр
Республики Казахстан

                      А. Мамин

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы «    »

№.        қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

 

  1. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217 құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында:

5-тармақтың бесінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін қандастың куәлігі);».

  1. «Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 616-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібінде:

7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қандастар;».

3. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №63, 416-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қандастар;».

  1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №8, 46-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:

16-тармақта:

74),75),76) және 77) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«74) қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

75) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;

76) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындау;

77) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақылар төлеудің үлгілік қағидалары мен шарттарын бекіту;»;

80) және 80-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

80) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындау;

80-1) этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн қандас мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша, сондай-ақ ішкі көшіп-қонушыларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына бастапқы орналасу тәртiбін және мерзiмдерін айқындау;»;

17-тармақта:

16), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«16) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартылуы туралы шағымдарды қарайды;

17) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізу;

18) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;»

  1. «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 - 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 - 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон  саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

«2. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:

он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Этникалық көші-қон нәтижелері тілге тиек етерлік. 1991 жылдан бастап келген этникалық репатрианттар саны 1 млн. адамнан асты. Көшіп келген қандастардың демографиялық үлесінің арқасында тәуелсіздік жылдары теріс көші-қон сальдосының деңгейін 28 % төмендетуге қол жеткізілді.»;

«4. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының мақсаты, міндеттері, қағидаттары мен негізгі тәсілдері» деген бөлімде:

«4.1. Шетелдік жұмыс күшін іріктеу мен пайдаланудың сараланған тетіктерін әзірлеу» деген кіші бөлімде:

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаңа жағдайларда квота жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне байланысты ғана емес, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген көрсеткіштеріне, ішкі көшіп-қонушылар мен қандастардың өңірлік квотасына сәйкес қалыптастырылатын болады.»;

«4.3. Этникалық көші-қонды басқару жүйесін жетілдіру» деген кіші бөлімде:

он төртінші және он бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұндай орталықтарда қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгісі келетін, орта және жоғары білімі жоқ, құқықтық жүйесі біздікінен өзгеше елдерден келген этникалық репатрианттар бейімдеу курсын өтетін болады.

Қандастардың этникалық репатрианттар көп келетін өңірлерде қазақстандық қоғамға етене араласуына жәрдемдесу үшін бейімделуге қажетті әлеуметтік инфрақұрылым, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қатысумен жасалады.»;

«4.5. Сыртқы және ішкі көші-қон мониторингі және есебі» деген кіші бөлімде:

үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының көші-қон процестерін реттеу тетігі құзыретті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған «Шетелдік жұмыс күші», «Қандас», «Көші-қон полициясы», «Бүркіт» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері бойынша мақсатты түрде жүзеге асырылатын болады.»;

«5. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері. Күтілетін нәтижелер» деген бөлімде:

төртінші бөліктегі 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) 2021 жылға қарай жұмысқа орналасқан қандастардың үлесін 86 %-ға дейін жеткізу (жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесуге жүгінген қандастар қатарынан);»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 − 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік номері 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу, оның ішінде:
шетелдік жұмыс күшін іріктеудің және пайдаланудың сараланған тетіктерін әзірлеу;
2) ішкі мигранттар мен қандастардың өз еркімен қоныс аударуын ынталандыру мәселелері бойынша

ВАК-қа енгізу

Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ҰЭМ, ДСМ, СІМ, АШМ, ИДМ, БҒМ, ҰҚК (келісім бойынша), ЖАО

2018 жылғы 1-жартыжылдық

талап етілмейді

-

 »;

реттік номері 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

11

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу тетіктерін жетілдіру бөлігінде өзгерістер енгізу

Еңбекмині бұйрығы

Еңбекмині

2018 жылғы мауысым

талап етілмейді

-

»;

реттік номері 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

13

Мыналарды:

қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу;

ерікті қоныс аударуын ұйымдастыру;

қандастарға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мониторингін;

қандастардың ерікті қоныс аудару тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді көздейтін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының орындалу мониторингі

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Еңбекмині (жинақтау), ЖАО

жартыжылдықта 1 рет

талап етілмейді

-

»;

реттік номері 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

22

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру мақсатында кеткен бұрынғы қандастар қатарындағы шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды статистикалық есепке алу жүйесін әзірлеу

Еңбекминіне ақпарат

ІІМ, ҰЭМ, ЖАО

2018 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

-

»;

реттік номері 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

26

Қазақстан Республикасының этникалық көші-қон саласындағы тәжірибесіне зерттеу жүргізу (бейімдеу және интеграциялау орталықтарының қызметі)

зерттеу қорытындылары бойынша есеп

Еңбекмині (жинақтау), ХКҰ (келісім бойынша)

2018 жылғы қаңтар

ХКҰ қаражаты есебінен

-

»;

6. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №513 қаулысында (2018 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ қандастар мен қоныс аударушыларға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқу талап етілмейді.»;

15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке басын куәландыратын құжат, ал қандастар үшін –қандас куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);»;

  1. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., №63, 361- құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында:

  • кіші бөлімінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас пен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;»;

«4. «Еңбек» бағдарламасының мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

«4.2.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген тармақта:

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.» 2-міндетте:

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері» 7-кестеде:

реттік номері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған қандастар мен мен қоныс аударушылардың саны

мың адам

ЖАО есептері

2,7

6,6

8,9

6,0

6,3

Еңбекмині, ЖАО

2

Әлеуметтік мақсатты қамтамасыз ету үшін демалыстағы жұмыскерлерді қоспағанда, еңбекке қабілетті қандастар мен қоныс аударушылардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың, оқуға жіберілгендердің кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларымен қамтылғандардың үлесі

%

ЖАО есептері

90

92

94

95

96

Еңбекмині, ЖАО

Жүктеу

»;

«5. «Еңбек» бағдарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» деген бөлімде:

«5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген кіші бөлімде:

бесінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) қоныс аударушылар және қандастар қатысуға басым құқыққа ие.»

«5.2.5.  Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» деген тармақта:

үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік орта білім, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.»

«5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» кіші бөлімінде:

«5.3.1.  Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» деген тармақта:

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған жекелеген санаттар, NEET санатындағы жастар, қандастар, сондай-ақ студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.»

«5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген тармақта:

жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін ЖАО ұсыныстары және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен қандастардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

Ақпаратта кәсіптер (мамандықтар) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және қандастарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен бар болуы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.»;

он бірінші және он екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен қандастардың қажетті саны, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. 

Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.»;

он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ қандастар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады және оқуды аяқтағаннан кейін оқу орны бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін өтінім береді.»;

жиырма бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Қандастардың өңірлік квотасына енгізілген қандастар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларын тоқтатуға негіз бола алмайды.»;

жиырма жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен қандастарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.»

қырық төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның шешімімен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енген қандастар, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасының қатысушылары қатарындағы түлектер, сондай-ақ өз бетінше келгендер қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.»;

жетпіс төртініші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖАО қоныс аударушылар мен қандастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мыналарды:

1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);

2) «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді; 

3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуді; 

4) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.»;

«5.4.2. «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту» деген тармақта:

жиырма бірінші бөліктің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) ақпараттық ресурста ақпаратты жариялау арқылы басқа өңірлердің ЖАО-ларына қолжетімдікті қамтамасыз етеді, ол кәсіптерді (мамандықтарды) көрсетумен өңірдің еңбек ресурстарына қажеттілігі, мүмкіндіктері және қоныс аударушылар мен қандастарды, сондай-ақ олардың отбасыларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның болуы туралы мәліметті құрауға тиіс;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген бөлімде:

«2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» кіші бөлімінде:

«Нәтижелер көрсеткіштері:» кіші бөлімінде:

реттік номері 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған қандастар мен қоныс аударушылар отбасының саны

мың адам

*

*

ЖАО

2,7

6,6

8,9

6,0

6,3

 

*

*

»;

«Іс-шаралар» деген кіші бөлімде:

реттік номері 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

3

Қоныс аударушылармен және/немесе қандастармен жеке әлеуметтік келісімшарттар жасасу

 

Еңбекминіне есеп

ай сайын
5-күнге қарай

ЖАО

           

талап етілмейді

 

».

ҚРҮҚЖ
Дата публикации
13 января 2021