Мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге қажеттілігінің 80,6%-ы орындалды

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдардың техникалық қосалқы оңалту құралдары мен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жалпы қажеттілігі 574 097 іс-шараны құрайды. Оның ішінде 462 280 іс-шара орындалды, бұл жалпы қажеттіліктің 80,6%-ын құрайды.
 
Оның ішінде:
* протездік-ортопедиялық көмек — 87 726 қажеттіліктің 57 928-і орындалды (66,1%);
 
* сурдологиялық көмек — 12 414 қажеттіліктің 10 107-сі орындалды (81,5%);
 
* тифлотехникалық құралдар — 26 424 қажеттіліктің 20 472-сі орындалды (77,5%);
 
* кресло-арбалар — 16 822 қажеттіліктің 14 337-сі орындалды (85,3%);
 
* санаторийлік-курорттық емдеу — 151 622 қажеттіліктің 103 299-ы орындалды (68,2%);
 
* жеке көмекшінің қызметтері — 27 549 қажеттіліктің 26 821-і орындалды (97,4%);
 
* ымдау тілі маманының қызметтері — 8 973 қажеттіліктің 8 664-і орындалды (96,6%);
 
* міндетті гигиеналық құралдар — 242 567 қажеттіліктің 220 652-сі орындалды (91,0%).
 
2025 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда орындалған іс-шаралар саны 27 785-ке артты, ал жалпы орындалу көрсеткіші 80,3%-дан 80,6%-ға дейін өсті.
Дата публикации
12 октября 2026