Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
- Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау;
- Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
- Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
- Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
- Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
- Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау;
- Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау;
- Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау;
- Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі;
- Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
- Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы);
- Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
- Арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Жалпы, 2026 жылдың 8 айында Комитеттің аумақтық департаменттері шамамен 1,573 млн мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бұл ретте жаңа тағайындаулар – 826,6 мың макет, қайта қараулар – 721 мың макет, бас тартулар – 25,6 мың макетті құрады.