2026 жылғы 31 тамыздағы Лицензиялау және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету басқармасының ақпараты

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау туралы

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді.

Лицензиялауды енгізу АӘҚ көрсету жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі болып табылады және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, олардың алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ұйымдар қызметінің бірыңғай стандарттарын енгізуге бағытталған.

Лицензиялық талаптар бірқатар міндетті шарттардың сақталуын көздейді. Атап айтқанда, санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін ғимараттардың болуы, қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, білікті кадрлармен жасақталу, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайлар жасау талап етіледі.

2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша АӘҚ көрсететін 632 ұйым лицензия алды, оларда барлығы 108 281 қызмет алушы қамтылған, оның ішінде 466 КММ және 166 ҮЕҰ.

Барлығы 704 лицензия берілді, оның ішінде АӘҚ көрсету бойынша:

1. Стационар жағдайында АӘҚ көрсететін ұйымдар – 124 лицензия, қамту – 25 018 адам, оның ішінде:

  • қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған – 49 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (АӘҚКО), қамту 15 381 қызмет алушы;
  • психоневрологиялық бұзылыстары бар адамдарға арналған – 56 АӘҚКО, қамту 8 368 қызмет алушы;
  • мүгедектігі бар балаларға арналған – 17 АӘҚКО, қамту 1 269 бала.

2. Жартылай стационар жағдайында АӘҚ көрсететін ұйымдар – 204 лицензия, қамту – 15 878 адам, оның ішінде:

  • мүгедектігі бар балаларға арналған – 121 орталық, қамту 7 934 бала;
  • 18 жастан асқан психоневрологиялық бұзылыстары бар адамдарға арналған – 40 орталық, қамту 4 586 қызмет алушы;
  • аралас үлгідегі – 27 орталық, қамту 3 358 қызмет алушы.

3. Уақытша болу жағдайында АӘҚ көрсететін ұйымдар – 68 лицензия, қамту – 4 192 адам, оның ішінде:

  • тұрғылықты жері белгілі бір мекенжайы жоқ адамдарға арналған дағдарыстық бейімдеу орталықтары – 25 орталық, қамту 3 216 қызмет алушы;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған – 34 орталық, қамту 844 қызмет алушы;
  • адам саудасының құрбандарына арналған – 9 орталық, қамту 132 қызмет алушы.

4. Үйде қызмет көрсету жағдайында АӘҚ көрсететін ұйымдар – 308 лицензия, қамту – 63 193 адам.

Сонымен қатар, лицензиялауды практикалық іске асыру барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жекелеген жағдайлар анықталуда. Атап айтқанда, лицензия алуға өтінімдерді беру кезінде қажетті медициналық лицензияның тиісті кіші түрлерінің болмауы, штат нормативтерінің сақталмауы, өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру актілерінің немесе аудит қорытындыларының болмауы, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты жағдайлар тіркелуде.

Алайда, аталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін лицензия алу үшін өтінімді қайта беруге кедергі келтірмейді.

Комитет және оның аумақтық департаменттері бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ ұйымдарға бару және басқа да коммуникация арналары арқылы жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан басқа, Министрлік жергілікті атқарушы органдардың және АӘҚ көрсететін ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен тұрақты негізде онлайн-кеңестер өткізеді. Сондай-ақ өңірлерге жұмыс сапарлары ұйымдастырылып, олардың барысында проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары әзірленеді.

Лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру және арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

  Статистические показатели ЦОССУ по состоянию на 01.09.2026г.
       
п/п  ЦОССУ (тип, контингент) кол-во у/получ
1 Стационар, в том числе 122 25018
  для престарелых и ЛСИ 49 15381
  для лиц с психоневрологическими нарушениями старше 18 лет 56 8368
  для детей с инвалидностью, втом числе: 17 1269
  дети с психоневрологическими нарушениями 15 1093
  для детей  нарушением ОДА 2 176
2 Полустационар 188 15878
  для детей с инвалидностью 121 7934
  для лиц с психоневрологическими нарушениями старше 18 лет 40 4586
  смешанного типа 27 3358
3 Кризисные центры (ЖБН, ЖТЛ, адаптация) 68 4192
4 Надомное обслуживание лицензий 308 63193
Дата публикации
04 сентября 2026